Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 391 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 маусымда № 7204 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 15 "Алға ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4923 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 мамырда жарияланған) шешімі;

      2) Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 268 "Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 15 "Алға ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген, 2019 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      2. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алға аудандық
мәслихат сессиясының төрағасы
Г. Джармухамбетова
      Алға аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Жумабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады