Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 1 тамыздағы №3 және 20 желтоқсандағы № 4 қорытындылары негізінде аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарақұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің 05.03.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қарақұдық ауылдық округі көшелеріне қайта атау берілсін:
Қарақұдық ауылындағы:
Новая көшесі – Күншуақ көшесіне;
Степная көшесі – Кең дала көшесіне;
Геотехника көшесі – Өркен көшесіне;
Тікқайын ауылындағы:
Советская көшесі – Балауса көшесіне;
Комсомольская көшесі – Жас дәурен көшесіне;
Колхозная көшесі – Самал көшесіне;
Набережная көшесі – Толқын көшесіне;
Көктоғай ауылындағы:
Интернациональная көшесі – Кемеңгер көшесіне;
Садовая көшесі – Шырайлы көшесіне;
Юбилейная көшесі – Көксай көшесіне.
2. "Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекетті тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақұдық ауылдық округінің әкімі | А.К. Изтилеуов |