Бестамақ ауылдық округінің Бесқоспа ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 76 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 қыркүйекте № 6388 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 4 қорытындысының негізінде аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бестамақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бестамақ ауылдық округінің Бесқоспа ауылының келесі көшесі қайта аталсын:

      "Есет батыр" көшесі - "Жиделі" көшесіне.

      2. "Бестамақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Даулеталин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады