Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 4 қорытындысының негізінде,аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағаш ауылдық округінің Самбай ауылының келесі көшесі қайта аталсын:
"Центральная" көшесі - "Ақсарай" көшесіне.
2. "Қарағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алға ауданы Қарағаш ауылдық округінің әкімі |
Н. Таженов |