Байғанин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 61 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қыркүйекте № 24521 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Байғанин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Е. Копжасаров

  Байғанин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 61 шешіміне қосымша

Байғанин аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Байғанин аудандық мәслихатының "Байғанин ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № 107 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5730 болып тіркелген) шешімі;

      2. Байғанин аудандық мәслихатының "Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2019 жылғы 14 мамырдағы № 234 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6149 болып тіркелген) шешімі;

      3. Байғанин аудандық мәслихатының "Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 мамырдағы № 234 "Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 251 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6381 болып тіркелген) шешімі;

      4. Байғанин аудандық мәслихатының "Байғанин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 қарашадағы № 107 "Байғанин ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 31 қазандағы № 261 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6439 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады