Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 15.09.2021 № 61 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 тiркелген бұйрығына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Байғанин ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің 2 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
3. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Байғанин аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Г. Елеуова |
Байғанин аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Турлыбаев |
Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы "11" қыркүйектегі № 251 шешіміне | |
1 қосымша | |
Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы "14" мамырдағы № 234 шешіміне 1 қосымша |
Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 11.09.2019 № 251 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есеп бірлігіне тиесілі жылдық норма м³ |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,55 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,52 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,44 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,32 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,52 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,7 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,19 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,78 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,13 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,08 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,013 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,026 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,39 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,7 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,05 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0 |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 м2 | 0,026 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
21 | Жағажайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0 |
22 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,17 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 1,43 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,96 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0 |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,69 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,12 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 1,17 |
30 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
31 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0 |
Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы "11" қыркүйектегі № 251 шешіміне 2 қосымша | |
Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы "14" мамырдағы № 234 шешіміне 2 қосымша |
Байғанин ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 11.09.2019 № 251 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Атауы | Тариф (ҚҚС қоспағанда) (теңге) | |||
Жинау, әкету | Көму | Кәдеге жарату, қайта өңдеу | Барлығы | |
Жайлы емес үйлер (1 тұрғын) | 65 | 0 | 0 | 65 |
Жайлы үйлер (1 тұрғын) | 0 | 0 | 0 | 0 |
Жеке және заңды тұлғаларға (1м³) | 1233,61 | 998,14 | 0 | 2231,75 |
Жеке және заңды тұлғаларға (1 тонна) | 0 | 1090,36 | 0 | 1090,36 |
Ескерту: ҚҚС – қосымша құн салығы;
м³ – текше метр.