Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 12.06.2020 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері, қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Байғанин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің орынбасары | Б. Боранбай |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
|
____________ Р. Раушанов | |
" " _________ 2019 жыл |
Байғанин аудандық әкімдігінің 2019 жылғы "27" қарашадағы № 307 қаулысына қосымша |
Байғанин ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенті |
Қарауылкелді ауылдық округі | ||
1. | Қарауылкелді ауылы | 2,15 |
2. | Қосарал ауылы | 1,9 |
3. | Көкбұлақ ауылы | 1,9 |
Көлтабан ауылдық округі | ||
4. | Жарлы ауылы | 1,95 |
5. | Қораши ауылы | 1,85 |
6. | Жыңғылдытоғай ауылы | 1,7 |
Ащы ауылдық округі | ||
7. | Ноғайты ауылы | 1,95 |
Қопа ауылдық округі | ||
8. | Ебейті ауылы | 1,9 |
9. | Қопа ауылы | 1,75 |
10. | Айрық ауылы | 1,75 |
11. | Көптоғай ауылы | 1,55 |
Жарқамыс ауылдық округі | ||
12. | Жарқамыс ауылы | 2 |
13. | Қаражар ауылы | 1,75 |
14 | Ақтам ауылы | 1,6 |
Сартоғай ауылдық округі | ||
15. | Алтай батыр ауылы | 1,95 |
16. | Баршақұм ауылы | 1,75 |
17. | Шұқырши ауылы | 1,6 |
Қызылбұлақ ауылдық округі | ||
18. | Кемерши ауылы | 1,9 |
19. | Бұлақтыкөл ауылы | 1,8 |
20. | Жаңатаң ауылы | 1,75 |
Миялы ауылдық округі | ||
21. | Миялы ауылы | 1,9 |
22. | Дияр ауылы | 1,6 |
Жаңажол ауылдық округі | ||
23. | Оймауыт ауылы | 1,85 |