Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 184 "Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 44 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 наурызда № 6011 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 175 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 04.09.2020 № 175 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 184 "Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-5-202 тіркелген, 2018 жылдың 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      қаулының 4 тармағындағы "2019" цифры "2020" цифрымен ауыстырылсын.

      2. "Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н. Қызбергеновке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Елеусізов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады