Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 184 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 3-5-202 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 175 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 04.09.2020 № 175 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 - баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабының 6-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Н. Қызбергеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 4 тармаққа өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 15.03.2019 № 44 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Аудан әкімі М. Елеусізов
      КЕЛІСІЛДІ:
"Ырғыз ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ә. Сәрсенбаев
      "24" желтоқсан 2018 жыл

  Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсан № 184 қаулысымен бекітілген

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффициенті


Ырғыз ауданы



Ырғыз ауылдық округі


1

Ырғыз ауылы

2,35

2

Ақши ауылы

2,25

3

Қалыбай ауылы

2,25

4

Қалалыкөл ауылы

1,8


Аманкөл ауылдық округі


5

Құтикөл ауылы

2,25

6

Аманкөл ауылы

2,25

7

Жарма ауылы

2,1


Қызылжар ауылдық округі


8

Құрылыс ауылы

2,25

9

Жаныс би ауылы

2,1

10

Шеңбертал ауылы

2,1


Құмтоғай ауылдық округі


11

Құмтоғай ауылы

2,25

12

Қарасай ауылы

2,1

13

Қарақұдық ауылы

2,2


Нұра ауылдық округі


14

Нұра ауылы

2,2

15

Белшер ауылы

2,1

16

Дүкен ауылы

2,1

17

Мамыр ауылы

2,1


Тәуіп ауылдық округі


18

Құйлыс ауылы

2,2


Жайсаңбай ауылдық округі


19

Жайсаңбай ауылы

2,15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады