Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 87 "Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 97 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 маусымда № 6242 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ырғыз ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 87 "Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-5-187 тіркелген, 2018 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ырғыз ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Елеусізов
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Ақтөбе облысының
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасы"
ММ басшысының м.а
      _______________ Н. Аспенов

  Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "10" маусым № 97 қаулысына қосымша
  Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусым № 87 қаулысына қосымша

Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

№ р/с

Автожолдың индексі

Автожолдың атауы

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

KD-IR-1

Құмтоғай ауылына кіре беріс

25,3

2

KD-IR-2

Құрылыс ауылына кіре беріс

6,9

3

KD-IR-3

Құтикөл-Жарма-Құйлыс-Жайсаңбай

160,0

Барлығы

192,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады