Мәртөк ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 393 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 6613 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 тіркелген бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мәртөк ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауданының әкімі Е. Кенжеханұлы

  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 393 қаулысына қосымша

Мәртөк ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:

      А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге);

      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);

      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;

      Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге).

      Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.

      Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.

      Пайдалануды, тұрғын үйді ағымдағы және күрделі жөндеуді, сондай-ақ жер учаскесін күтуді қамтамасыз ету үшін қажетті көлемнің сомасы (Р) мынадай формула бойынша анықталады:

      Р= Гз /12/ п

      мұнда Гз – жергілікті атқарушы органы (мемлекеттік кәсіпорыны) тартқан немесе құрған тұрғын үй-пайдалану қызметінің тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер учаскесінің күтіміне арналған шығынының жылдық сметасы, қажетті көлемінің жылдық сомасы (жылына теңге);



      п – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы (шаршы метр).

      1) Екі пәтерлі тұрғын үйлер, орналасқан мекен-жайы: Мәртөк ауылы, М.Әуезов көшесі, № 2/1, № 2/2, № 2а/1, № 2а/2, № 2б/1, № 2б/2, № 4/1, № 4/2, № 6/1, № 6/2, № 8/1, № 8/2, № 10/1, № 10/2, № 12/1, № 12/2 үйлер.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А= Ц/Т/12+Р

      Ц = 8208549,81 теңге / 65,00 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 126285,38 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны;

      Т = 100 жыл;

      Р = 0

      A = 126285,38 /100/12+0=105,237 теңге айына 1 шаршы метрге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады