Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 30.11.2020 № 251 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Темір ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Темір аудандық әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау Темір ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Темір ауданының әкімі Ж. Калмаганбетов
"КЕЛІСІЛДІ"
"Темір ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Айжариков
"_____" ____________ 2019 жыл
Темір ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "25" қарашадағы | |
№ 260 қаулысымен бекітілген |
Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймақ коэффициенті |
Темір ауданы | ||
Ақсай ауылдық округі | ||
1 | Ақсай ауылы | 2,1 |
2 | Шығырлы ауылы | 1,95 |
3 | Ащысай ауылы | 1,8 |
4 | Бірлік ауылы | 1,8 |
Алтықарасу ауылдық округі | ||
5 | Алтықарасу ауылы | 2,1 |
6 | Еңбекші ауылы | 1,95 |
7 | Сарытоғай ауылы | 1,95 |
Қайыңды ауылдық округі | ||
8 | Құмқұдық ауылы | 1,95 |
9 | Бабатай ауылы | 1,95 |
10 | Шибұлақ ауылы | 1,8 |
Кеңесту ауылдық округі | ||
11 | Қопа ауылы | 2,25 |
12 | Шитүбек ауылы | 1,8 |
13 | Қалмаққырған бекеті | 2,2 |
Саркөл ауылдық округі | ||
14 | Саркөл ауылы | 2,3 |
15 | Құмсай ауылы | 1,8 |
16 | Қопа ауылы | 1,8 |
Темір қаласы | ||
17 | Темір қаласы | 2,25 |
18 | Жамбыл ауылы | 1,8 |
Тасқопа ауылдық округі | ||
19 | Тасқопа ауылы | 2,1 |
Шұбарқұдық ауылдық округі | ||
20 | Шұбарқұдық кенті | 2,45 |
Жақсымай ауылдық округі | ||
21 | Шұбарқұдық ауылы | 2,45 |
22 | Жақсымай бекеті | 1,95 |
Кеңқияқ ауылдық округі | ||
23 | Кеңқияқ ауылы | 2,3 |
24 | Бәшенкөл ауылы | 1,8 |
Шұбарши ауылдық округі | ||
25 | Шұбарши кенті | 2,3 |