Сноска. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 05.12.2019 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2019 жылғы 01 тамыздағы № 2-14-17/172 ұсынысы негізінде Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Алтықарасу ауылдық округінде орналасқан "Нұрсұлтан" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | С. Толеуов |