Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 21.04.2020 № 4 шешімімен (алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылдың 10 шілдедегі № 2-13/51 ұсынысы негізінде, Қараой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ойыл ауданы Қараой ауылдық округінің Құбасай елді мекенінде орналасқан "Батыр" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қараой ауылдық округінің әкімі | С. Займолдин |