Шектеу іс-шараларын алу және Қараой ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 10 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 сәуірде № 7073 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 2-13/47 ұсынысы негізінде, Қараой ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ойыл ауданы Қараой ауылдық округінің Құбасай елді мекенінде орналасқан "Батыр" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдарынның арасындағы бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 10 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6316 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін, оны Ойыл ауданы әкімдігінің интернет ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысы Ойыл ауданы
Қараой ауылдық округі әкімінің
міндетін уақытша атқарушы
А. Султанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады