Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 122 "Шалқар ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының индекстерін, атаулары мен тiзбесiн бекiту және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-197 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Алибековке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Қаниев |
КЕЛІСІЛДІ: "Ақтөбе облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысының міндетін атқарушы ____________Н. Аспенов "___" шілде 2019 жыл |
Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 164 қаулысына қосымша | |
Шалқар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 122 қаулысымен бекітілген |
Шалқар ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының индекстері, атаулары мен тiзбесi
№ р/с | Автожолдың индексі | Автожолдың атауы | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | KD-SH-001 | Шалқар қаласының оңтүстік айналма жолы | 7,4 |
2 | KD-SH-002 | Мөңке би ауылына кіре беріс | 0,5 |
3 | KD-SH-003 | Сарысай ауылына кіре беріс | 3,3 |
4 | KD-SH-004 | Қайдауыл ауылына кіре беріс | 2,4 |
5 | KD-SH-005 | Алабас ауылына кіре беріс | 17,715 |
6 | KD-SH-006 | Шетырғыз ауылына кіре беріс | 72,725 |
7 | KD-SH-007 | Жылтыр ауылына кіре беріс | 2,25 |
8 | KD-SH-008 | Бершүгір бекетіне кіре беріс | 1 |
9 | KD-SH-009 | Тұмалыкөл ауылына кіре беріс | 1,7 |
10 | KD-SH-010 | Аққайтым ауылына кіре беріс | 1,95 |
11 | KD-SH-011 | Қауылжыр ауылына кіре беріс | 1,4 |
12 | KD-SH-012 | Қотыртас ауылына кіре беріс | 2,2 |
13 | KD-SH-013 | Байқадам ауылына кіре беріс | 2 |
14 | KD-SH-014 | Бегімбет ауылына кіре беріс | 1,4 |
15 | KD-SH-015 | Тоғыз ауылына кіре беріс | 4,4 |
16 | KD-SH-016 | Шілікті ауылына кіре беріс | 3,5 |
Барлығы | 125,84 |