Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 276 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 қарашада № 6472 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 299 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 26.11.2020 № 299 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6-тармағына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Жидехановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданы әкімі орынбасары Ж. Жидеханов
      КЕЛІСІЛДІ:
"Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
"" қараша 2019 жыл
Н. Қоблашова

  Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 276 қаулысына қосымша

Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймаққа бөлу коэффициенті

Шалқар ауданы

1

Шалқар қаласы

2,1

Айшуақ ауылдық округі

2

Бегімбет ауылы

1,85

3

Есет ата ауылы

1,3

Ақтоғай ауылдық округі

4

Қотыртас ауылы

1,65

5

Қорғанжар ауылы

0,95

6

Ақтан батыр ауылы

0,95

Бозой ауылдық округі

7

Бозой ауылы

1,9

8

Қаңбақты ауылы

1,05

9

Қоянқұлақ ауылы

1,05

Бершүгір ауылдық округі

10

Бершүгір ауылы

1,75

11

Алабас ауылы

1,5

12

Сарсай ауылы

1,45

13

Қарабұлақ ауылы

1,15

Есет Көтібарұлы ауылдық округі

14

Байқадам ауылы

1,5

15

Алақозы ауылы

0,95

Жаңақоныс ауылдық округі

16

Аққайтым ауылы

1,7

17

Қопасор ауылы

0,95

Кішіқұм ауылдық округі

18

Шілікті ауылы

1,75

19

Шоқысу ауылы

1,35

20

Қарашоқат ауылы

1,35

21

Ақеспе ауылы

1,1

22

Сардүлек ауылы

1,1

23

Шағыр ауылы

1,1

Қауылжыр ауылдық округі

24

Қауылжыр ауылы

1,9

25

Қайдауыл ауылы

1,7

26

Ұлпан ауылы

1,1

27

№ 66 разъезі

1,1

28

№ 67 разъезі

1,1

Мөңке би ауылдық округі

29

Мөңке би ауылы

1,85

Тоғыз ауылдық округі

30

Тоғыз ауылы

1,75

31

Жылан ауылы

1,1

32

Көпмола ауылы

1,1

33

Қаратал ауылы

1,0

34

Кеңдала ауылы

1,1

35

Қопатай ауылы

1,1

36

Төсбұлақ ауылы

1,1

37

Үшқурай ауылы

1,1

Шалқар ауылдық округі

38

Жылтыр ауылы

1,75

39

Талдықұм ауылы

0,95

Шетырғыз ауылдық округі

40

Қаратоғай ауылы

1,55

41

Тұмалыкөл ауылы

1,35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады