Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 299 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қарашада № 7706 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-дың ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Шалқар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Аудан әкімдігінің 2019 жылдың 19 қарашасындағы № 276 "Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6472 тіркелген, 2019 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ақшолаққа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов
      КЕЛІСІЛДІ:
"Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С. Қоблашова
      "23" қараша 2020 жыл.

  Шалқар ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 26 қарашадағы
№ 299 қаулысына қосымша

Шалқар ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қосымша жаңа редакцияда көзделген - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 05.09.2024 № 210 қаулысымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).

Салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймаққа бөлу коэффициенті

Шалқар ауданы

1

Шалқар қаласы

2,0

Айшуақ ауылдық округі

2

Бегімбет ауылы

1,9

3

Есет ата ауылы

1,2

Ақтоғай ауылдық округі

4

Қотыртас ауылы

1,65

5

Қорғанжар ауылы

1,0

6

Ақтан батыр ауылы

1,15

Бозой ауылдық округі

7

Бозой ауылы

1,9

8

Қаңбақты ауылы

1,1

9

Қоянқұлақ ауылы

0,95

Бершүгір ауылдық округі

10

Біршоғыр ауылы

1,65

11

Алабас ауылы

1,3

12

Сарысай ауылы

1,4

Есет Көтібарұлы ауылдық округі

13

Байқадам ауылы

1,75

14

Алақозы ауылы

0,85

Жаңақоныс ауылдық округі

15

Аққайтым ауылы

1,75

16

Қопасор ауылы

1,1

Кішіқұм ауылдық округі

17

Шілікті ауылы

1,55

18

Шоқысу ауылы

1,15

19

Қарашоқат ауылы

1,25

20

Ақеспе ауылы

0,9

Қауылжыр ауылдық округі

21

Қауылжыр ауылы

1,9

22

Қайдауыл ауылы

1,45

23

Ұлпан ауылы

1,0

Мөңке би ауылдық округі

24

Мөңке би ауылы

1,75

Тоғыз ауылдық округі

25

Тоғыз ауылы

1,55

26

Жылан ауылы

1,35

27

Көпмола ауылы

1,25

28

Кеңдала ауылы

1,01

29

Төсбұлақ ауылы

1,0

Шалқар ауылдық округі

30

Жылтыр ауылы

1,75

31

Талдықұм ауылы

0,85

Шетырғыз ауылдық округі

32

Қаратоғай ауылы

1,75

33

Тұмалыкөл ауылы

1,25

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады