Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы "Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" № 302 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 320 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 30 шілдеде № 5214 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 12-6), 12-7) тармақшаларына, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 тіркелген) бекітілген, Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің "Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 маусымдағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4770 тіркелген, 2018 жылдың 19 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) № 302 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы "___" __________ № _______ қаулысына қосымша Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы "28" маусымдағы № 302 қаулысына қосымша

Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері

Ауылшаруашылық өнімнің атауы

Тереңдете қайта өңделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килограмм)

Шикі сүт

Сары май

42

Шикі сүт

Қатты ірімшік

26

Шикі сүт

Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)

39


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады