Текелі қаласы бойынша коммуналдық және қатты тұрмыстық қалдықтарды жою және шығару, жинауға тарифтері және нормаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2019 жылғы 22 қазандағы № 41-240 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 5 қарашада № 5292 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 8-41 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 8-41 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылдың 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19-1 бабының 1), 2) тармақшаларына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Текелі қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға арналған тарифтер бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Бюджет және экономика мәселесі бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихаты
      сессиясының төрағасы В. Стрельцов
      Текелі қалалық мәслихатының хатшысы Н. Калиновский

  Текелі қалалық мәслихатының 2019 жылғы 22 қазандағы № 41-240 шешіміне 1-қосымша

Текелі қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды түзілу және жинақтау нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Болжауларды жинақтау ставкасы (жыл)*

1

Жайлы үйлер жайлы емес

1 тұрғын
1 тұрғын

1,30
1,80

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,74

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,95

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,63

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,96

6

Емханалар

1 адам

0,02

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,68

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,22

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

1,55

10

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,02

11

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,04

12

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м2

1,00

13

Машиналардан сату

Сауда орны 1 м2

1,00

14

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,71

15

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,48

16

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,06

17

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,16

18

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,60

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,36

20

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,27

21

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,71

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

6,76

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,92

24

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,09

25

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,17

26

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,38

27

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,27

28

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,27

29

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,55

30

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,53

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

1,43

  Текелі қалалық мәслихатының 2019 жылғы 22 қазандағы № 41-240 шешіміне 2-қосымша

Текелі қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және кәдеге жарату арналған тарифтері.

Атауы

Түзілу нормасы, м3

1 м3 тарифі

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және кәдеге жарату қызметінің құны, айына, (теңге)

Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар (1м3)

-

1500

-

Жеке тұлғалар

Жайлы үйлер (1 тұрғынға)

1,30

-

165

Жайлы емес үйлер контейнерлері бар

0,75м3

-

1125

Жайлы емес үйлер контейнерлері жок (1 тұрғынға)

1,80


228


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады