"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабының 5 - тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Текелі қалалық мәслихатының 2019 жылғы 22 қазандағы "Текелі қаласы бойынша коммуналдық және қатты тұрмыстық қалдықтарды жою және шығару, жинауға тарифтері және нормаларды бекіту туралы" № 41-240 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 135823 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қалалық мәслихатының төрағасы | Б. Тугулбаев |