Алакөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 204 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 24 шілдеде № 5209 болып тіркелді

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 09 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алакөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Алакөл ауданы әкімдігінің "Алакөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" 2012 жылғы 10 мамырдағы № 5-178 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-5-178 тіркелген, 2012 жылдың 18 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Айдын Болатханович Чалкеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жақанбаев

  Алакөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "22" шілде "Алакөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" № 204 қаулысына қосымша

Алакөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

      2. Алакөл ауданының полиция бөлімінің ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Алакөл ауданы әкімдігімен құрылған комиссиямен қаралады.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрлерi, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерi, көтермелеушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi ескеріле отыра, әдетте 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын комиссиямен белгiленеді.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша Алакөл ауданының полиция бөлімінің бастығының бұйрығы шығарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады