Алакөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 мамырдағы N 5-178 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 18 маусымда N 2-5-178 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 204 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 22.07.2012 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағының 3)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1243 "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Алакөл аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алакөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дәурен Орынбайұлы Қанағатовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Ә. Жақанбаев


  Алакөл аудан әкімдігінің
2012 жылғы 10 мамырдағы
"Алакөл ауданындағы қоғамдық
тәртіпке қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен тәртібін
және оларға ақшалай сыйақының
мөлшерін айқындау туралы"
N 5-178 қаулысына қосымша

Алакөл ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға
ақшалай сыйақының мөлшері
Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйлықақы беру.

Көтермелеудің тәртібі

      2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Алакөл аудан әкімдігімен құрылған комиссия қарайды.

      3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Алакөл аудандық ішкі істер бөлімі ұсынады.

      4. Комиссия қабылдаған шешім – көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы бұйрығы – көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

Ақшалай сыйақының мөлшері

      5. Ақшалай сыйақының мөлшерін комиссия қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көтермеленетін адамның қосқан үлесін және ол немесе оның қатысуымен жолы кесілген құқыққа қарсы әрекеттің нәтижесінде көтерілуі мүмкін залалдың көлемін ескере отырып белгілейді және ол, әдетте, 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады