Алакөл ауданында стационарлық емес сауда объектiлерiн орналастыру орындарын айқындау және бекiту туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 249 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 24 қыркүйекте № 5256 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 03.10.2023 № 285 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8, 12-баптарына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алакөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 03.10.2023 № 285 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Алмас Алменович Ахановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Жаканбаев

  Алакөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___" ____________ "Алакөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" № ______ қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 03.10.2023 № 285 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Алакөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары


Р/с

Стационарлық емес сауда обьектілерін орналастыру орындары

Қызмет саласы

Орналасқан алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезені, жыл

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда обьектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану обьектілері)

1

Көлбай ауылдық округінің Көлбай ауылы, Алматы-Өскемен автомобиль жолының бойында Құрманов көшесі № 2 "Эльмира" дүкенінің жанында

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

72

5

"Эльмира" дүкені

2

Жанама ауылдық округінің Алматы-Өскемен автомобиль жолындағы Қарабұлақ ауылының бұрылысының оң және сол жақ бойында

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

100

5

Жоқ

3

Ырғайты ауылдық округінің Көктұма ауылы, Қонаев көшесінің №18 және № 26 үйлердің арасындағы алаң

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

100

5

Жоқ

4

Ырғайты ауылдық окрігінің Ақши ауылы, Сейфуллин көшесінің №47 үйдің жанындағы алаң

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

120

5

Жоқ

5

Достық ауылдық округінің Достық ауылы, Қонаев көшесінің №5 үйдің жаны

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

100

5

Жоқ

6

Бескөл ауылдық округінің Бескөл бекеті Достық көшесінің № 26 а бойынан, "Ахметов" дүкеннің жанында

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

60

5

"Ахметов" дүкені

7

Лепсі ауылдық округінің Лепсі ауылы, Әл-Фараби көшесінің №6 үйінен, "Горный Хрусталь" кафесінің жанында

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

36

5

"Горный Хрусталь" кафесі

8

Тоқжайлау ауылдық округінің Тоқжайлау ауылы, Бөгенбай батыр көшесінің №145 үйдің жанындағы алаң

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

100

5

Жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады