"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шелек ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Шелек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шелек ауылдық округінің Шелек ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
"Жобаланған-1" көшесіне "Арна"; "Жобаланған-2" көшесіне "Алматы"; "Жобаланған-3" көшесіне "Хантәңірі"; "Жобаланған-4" көшесіне "Алаш" көшесі; "Жобаланған-5" көшесіне "Жалағаш"; "Жобаланған-6" көшесіне "Атамекен".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шелек ауылдық округінің әкімі | Е. Есенханов |