Райымбек ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы "Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жеклеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 34-160 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 47-217 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 2 сәуірде № 5091 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 13-73 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 14.11.2023 № 13-73 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Райымбек аудандық мәслихатының "Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 34-160 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4629 тіркелген, 2018 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2, 6, 7-тармақтары келесі редакцияда баяндалсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға";

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Алматы облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің ең жоғары мөлшері.";

      "6. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғаныстаннан кеңес әскерін шығарған күні;

      2) 26 сәуір – Чернобыль апатының күні;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні.

      4) 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні.";

      "7. Әлеуметтік көмек алушылардың санатының тізбесі және шекті мөлшерлері:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 76 айлық есептік көрсеткіш;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар – 26 айлық есептік көрсеткіш;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар – 26 айлық есептік көрсеткіш;

      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары – 26 айлық есептік көрсеткіш;

      5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтар – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      6) әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш жасалған тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, отбасы құрамында Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын балалары бар аз қамтылған отбасылар, табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 500 айлық есептік көрсеткіш, бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде;

      7) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде отбасына – 200 айлық есептік көрсеткіш;

      8) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар – 15 айлық есептік көрсеткіш;

      9) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар – 15 айлық есептік көрсеткіш.

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.

      Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесін басшылыққа алады.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихатының "Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөнінде" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Райымбек аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы Д. Ерназарұлы
      Райымбек аудандық
      мәслихатының хатшысы Е. Құдабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады