"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Шымкент қаласының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімде баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Ғ.Әбдірахымов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "4" сәуірдегі № 281 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері
1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін- таза кірістің 50 пайызы мөлшерінде, оның ішінде денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
2. Таза кірістің қалған бөлігі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың дамуына жұмсалады.