2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 18 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 ақпанда № 4096 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 87 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысының әкімдігінің 17.04.2019 № 87 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "___"___________
№ _____ қаулысына қосымша

2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Субсидия көлемі, мың теңге

Етті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу


1.1

Тауарлы аналық бас

500 000

1.2

Асыл тұқымды аналық бас

200 000

2.

Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу

450 000

3.

Бұқашық бордақылау шығындарын арзандату

953 000

4.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату

200 000

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу

25 000

2.

Сүт өндіру құнын арзандату:


2.1

Бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық

60 000

2.2

Бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық

40 000

2.3

Ауыл шаруашылығы кооперативі

30000

3.

Қоғамдық табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

5 000

4.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

25 000

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату

150 000

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату

50 000

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу


1.1

асыл тұқымды аналық бас

380 000

1.2

тауарлық аналық бас

400 000

2.

Қозы өткізу құнын арзандату

150 000

3.

Өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн құнын арзандату

47 000

Жылқы шаруашылығы

1.

Бие сүтін өндіру және өндеу құнын арзандату

10 000


Жиыны:

3 675 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады