Жергілікті маңызы бар "Қордай-Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін жерді резервте қалдыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 26 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 ақпанда № 4116 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қордай және Шу аудандарының аумақтарында қоса беріліп отырған жергілікті маңызы бар "Қордай-Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін резервіленген жер учаскелерінің жоспары (схемасы) мен экспликациясына сәйкес (1, 2 - қосымшалар) шекара шегінде жалпы алаңы 369970,16 гектар жер учаскелері 12 ай мерзімімен резервте қалдырылсын.

      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құрамына бергенге дейін резервте қалдырылатын жер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылады.

      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "20" ақпандағы
№ 26 қаулысына 1 қосымша

Жобаланып отырған жергілікті маңызы бар "Қордай-Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалы жер учаскесінің жоспары (сызбасы)

      Ескертпе: Қағаз нұсқасын қарау.

     


  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "20" ақпандағы
№ 26 қаулысына 2 қосымша

Жергілікті маңызы бар "Қордай-Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалының резервіленген жер учаскелерінің экспликациясы

Аудандар
дың атаулары

Жалпы көлемі, гектар

Жер санаттары

Ауыл шаруалығы мақсатындағы жерлер

Елді мекен жері

Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері

Орман қорының жері

Су қорының жері

Босалқы жер

Мал айдау жолдарының жері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1.

Қордай

304523,82

276083,92


450


10862

711,9

16309

107

2.

Шу

65446,34

61966,10






3216,24

264

3.

Барлығы:

369970,16

338050,02


450


10862

711,9

19525,24

371


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады