Жамбыл облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 32-7 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 сәуірде № 4164 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19 бабы 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы А.Майлыбаев
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақов

  Жамбыл облыстық мәслихатының
2019 жылғы "19" наурыздағы №32-7
шешімімен бекітілген

Жамбыл облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері

Зерттеу нысаны

Нысаналы көрсеткіштер

Мөлшерленген көрсеткіштер

Нысаналы көрсеткіштер

белгілеген кезі 2019 жыл

3 жылдан сон

Атмосфералық ауа

Тараз қаласы

Көмірсутектер

ӘҚДШ - 50

40 мг/м3 (0,8 ӘҚДШ)

40

Азот диоксиді

РШШ б.ж.к. - 0,2

0,3 мг/м3 (1,5 РШШ)

0,2

Фенол

РШШ б.ж.к. - 0,01

0,011 мг/м3 (1,1 РШШ)

0,01

Фторлы сутек

РШШ б.ж.к. - 0,02

0,3 мг/м3 (1,5 РШШ)

0,02

Көміртегі тотығы

РШШ б.ж.к. - 5

6 мг/м3 (1,2 РШШ)

5

Жер үсті сулары

Талас өзені

ОБТ5

РШШ - 3 мг/л

1,51 (0,5 РШШ)

1,51

Мыс

РШШ - 0,001 мг/л

0,0018 (1,8 РШШ)

0,001

Фенолдар

РШШ - 0,001 мг/л

0,001(1 РШШ)

0,0008

Темір

РШШ - 0,1 мг/л

0,2 (2 РШШ)

0,1

Шу өзені

Фенолдар

РШШ - 0,001 мг/л

0,0015 (1,5 РШШ)

0,001

Мыс

РШШ - 0,001 мг/л

0,0013(1,3 РШШ)

0,001

ОБТ5

РШШ - 3 мг/л

1,92 (0,6 РШШ)

1,92

Билікөл көлі

ОБТ5

РШШ - 3 мг/л

5,7 (1,9 РШШ)

3

Мыс

РШШ - 0,001 мг/л

0,002 (2 РШШ)

0,001

Сульфаттар

РШШ - 100 мг/л

165 (1,7 РШШ)

100

Фторидтер

РШШ - 0,75 мг/л

0,95 (1,3 РШШ)

0,75

Ауыз су

Жамбыл ауданы Аса ауылы Жамбыл ауданы Қостөбе ауылы Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылы жамбыл ауданы Жамбыл ауылы

Фторидтер

РШШ - 1,2 мг/л

1,32 (1,1 РШШ)

1,2

Фосфордың жалпы саны мг/л

РШШ - 1,14 мг/л

0,077 (0,1 РШШ)

0,077

Топырақ жамылғысы

Тасөткел суару массиві

Фтордың қозғалмалы пішіні

РШШ - 2,8 мг/кг

1,3

1,3

Баламалы тепе-теңдік көлемінің белсенділігі (ауада радон)

Т.Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылы

Баламалы тепе-теңдік көлемінің белсенділігі (ауада радон)

200 БК/м3

642 (3,2 есе асады)

≤200

Т.Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылы


508 (2,5 есе асады)

≤200

Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылы


248 (1,2 есе асады)

≤200

Т.Рысқұлов ауданы Малдыбай ауылы


294 (1,5 есе асады)

≤200

Меркі ауданы Ақтоган ауылы


369 (1,8 есе асады)

≤200

Меркі ауданы Қостоған ауылы


364 (1,8 есе асады)

≤200

Меркі ауданы Сұрат ауылы


579 (2,9 есе асады)

≤200

      ӘҚДШ – бағдарлық қауіпсіздік әсер ету деңгейі

      РШШ – рұқсат етілген шекті шоғырлар

      РШШ б.ж.к. – бір реттік жоғары көрсеткіш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады