Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 16.08.2022 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2649 болып тіркелген, 2015 жылдың 4 маусымында "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мырзахметов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы "___" ________ № ___ қаулысына қосымша |
|
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы "29" сәуірдегі № 77 қаулысына қосымша |
Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері
№ | Ауылшаруашылық өнімінің атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, (теңге/литр, килограмм) |
1. | Сүт | Сары май | 25,0 |
2. | Сүт | Қатты ірімшік | 22,0 |
3. | Сүт | Құрғақ сүт (табиғи) | 19,0 |