Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 22.07.2024 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабындағы 2-тармағының 12-7) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Н. Нуржигитов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 187 қаулысына 1-қосымша |
Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтері
№ | Ауылшаруашылық өнімінің атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Өнім бірлігіне арналған субсидиялар нормативі (теңге/ килограмм) |
1. | Сүт | Сары май | 31,0 |
2. | Сүт | Қатты ірімшік | 28,0 |
3. | Сүт | Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған) | 23,0 |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 187 қаулысына 2-қосымша |
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2649 болып тіркелген).
2. "Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі №77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 94 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3017 болып тіркелген).
3. "Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 344 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3227 болып тіркелген).
4. "Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 44 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3374 болып тіркелген).
5. "Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 57 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3780 болып тіркелген).
6. "Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 77 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 106 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4228 болып тіркелген).