Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 16.08.2022 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х. Әбдірайымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Е. Манжуов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы "29" сәуірдегі № 77 қаулысына қосымша |
Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 08.05.2019 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
№ | Ауылшаруашылық өнімінің атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, (теңге/литр, килограмм) |
1. | Сүт | Сары май | 25,0 |
2. | Сүт | Қатты ірімшік | 22,0 |
3. | Сүт | Құрғақ сүт (табиғи) | 19,0 |