2019 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 111 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 4235 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "____"___________
______ қаулысына қосымша

2019 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 20.11.2019 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Тауарлы балық өнімдерінің түрі

Өндірілген өнім көлемі, килограмм

Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерінің 1 килограмм өндірісіне азық шығындарына берілетін субсидиялардың бекітілген нормативі, килограмм

Бекітілген норматив бойынша жалпы азық шығыны, килограмм

1 килограмм өнімге шығындар есебінен балықтар азығына берілетін субсидиялардың бекітілген сомасы, теңге

Субсидия соммасы, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

1

Тұқы және оның буданы

21121,5

4,0

84485,8

105

8871,0

Барлығы

8871,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады