Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 206 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 38-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қыркүйекте № 4340 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Мойынқұм ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтындығына байланысты, жекелеген ауылдық округтердің төмендегі аталған ауылдарды таратылып, тұрғындары елді мекендердің құрамына қосылсын.

      Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының келесі елді мекендері:

      1) Ұланбел ауылдық округінің Кіші Қамқалы ауылы таратылып, таратылған ауылдың тұрғындары Ұланбел ауылдық округінің Ұланбел ауылының құрамына қосылсын;

      2) Қарабөгет ауылдық округінің Байтал және Арал ауылдары таратылып, таратылған ауылдардың тұрғындары Қарабөгет ауылдық округінің Сарыөзек ауылының құрамына қосылсын;

      3) Мирный ауылы әкімшілігінің ГРЭ-21 ауылы таратылып, таратылған ауылдың тұрғындары Мирный ауылы әкімшілігінің Мирный ауылының құрамына қосылсын.

      2. Осы нормативтік құқытық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевке жүктелсін.

      3. Осы нормативтік құқытық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс Әкімі А. Мырзахметов
      Облыстық мәслихаттың сессиясының төрайымы Г. Тлеубердиева
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады