"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі №87 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4199 болып тіркелген, 2019 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мырзахметов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы "18" қарашадағы № 263 қаулысына қосымша |
2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Субсидия көлемі, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |
1.1 | Тауарлы аналық бас | 699 365,004 |
1.2 | Асыл тұқымды аналық бас | 371 144,863 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | 39 800 |
3. | Асыл тұқымды және таза тұқымды ірі қара малын сатып алу | |
3.1 | Отандық | 704 156 |
3.2 | Импортталған | 138 373,83 |
4. | Бұқашық бордақылау шығындарын арзандату | 1 012 674,598 |
5. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату | 398 829 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||
1 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | |
1.1 | ТМД елдерінен әкелінген шетелдік | 13 500,0 |
1.2 | Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген | 34 200,0 |
2. | Сүт өндіру құнын арзандату | |
2.1 | Бағымдағы аналық бас саны 50, 400 және 600 бастан басталатын шаруашылық | 87 752,378 |
2.2 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 126 715,514 |
3. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | 36 015 |
Етті құс шаруашылығы | ||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | 189 448,904 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | 70 291,645 |
Шошқа шаруашылығы | ||
1. | Шошқалардың асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | 44 560 |
Қой шаруашылығы | ||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |
1.1 | Асыл тұқымды аналық бас | 11 424,032 |
1.2 | Тауарлық аналық бас | 100 042 |
2. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | 405 970,93 |
3. | Қозы өткізу құнын арзандату | 171 565 |
Жылқы шаруашылығы | ||
1. | Асыл тұқымды жылқы сатып алу | 31 100,002 |
2. | Бие сүтін өндіру және өндеу құнын арзандату | 15 691,3 |
Жиыны: | 4 702 620 |