"Мойынқұм ауданында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық маслихатының 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 20-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 41-14 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда № 4447 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 52-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 11.12.2020 № 52-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мойынқұм ауданында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 20-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3704 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 26 ақпанында жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Мойынқұм ауданында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларының:

      5-тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Жол берілмейді:

      1) иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң ортақ пайдаланылатын орындарында (кiреберiстерде, баспалдақтарда, баспалдақ алаңдарында, лифтiлерде, жертөлелерде, шатыр астыларында, үйлердiң төбелерiнде), сондай-ақ осындай үйлердiң жанындағы аумақтарда асырауға;

      2) иттер мен мысықтарды олардың терісін және етін тұтыну, өңдеу және өткізу үшін пайдалану мақсатында өсіруге жол берiлмейдi;

      3) Мойынқұм ауданында иттердi таластыру және басқада жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге, (жануарларға зақым келтiрмейтiн және күзетшi иттердi өсiру үшiн дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, арнайы ережелермен иттердiң жұмыс сапаларын тексерудi қоспағанда)".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық маслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелер жөнідегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облыстық мәслихатының
      сессия төрағасы Ж. Айтишев
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының хатшысы Б. Карашолаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады