"Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 42-4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 ақпанда № 4113 болып тіркелді. Күші жойылды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 66-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 23.12.2020 № 66-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3626 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 28 желтоқсанында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:

      11 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Мерзімді әлеуметтік көмек 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мұқтаж адамдарға қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге өтемақы ұсынылады:

      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы Жамбыл облысы бойынша белгіленген тоқсандағы күнкөріс деңгейінің 10 еселік шамасынан аспайтын орташа табысы бар Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне;

      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы Жамбыл облысы бойынша белгіленген тоқсандағы күнкөріс деңгейінің 3 еселік шамасынан аспайтын орташа табысы бар "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана", "І-ші дәрежелі Даңқты аналар", "ІІ-ші дәрежелі Даңқты аналар" алқалармен марапатталған көп балалы аналарға, І-топ мүгедектеріне, нашар көретін ІІ-топ мүгедектеріне, Ауған соғысының, Чернобыль Атом электростанциясы апатын жоюға қатысушыларына және мүгедектеріне, олардың жесірлеріне, сонымен қатар, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға, білім алу кезеңінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленуші және (немесе) білім алушы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларға.

      Мерзімді әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші (немесе оның заңды өкілі) өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

      "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (мүгедектер үшін) немесе санатын растайтын құжаттың көшірмесі;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың көшірмесі;

      табысы туралы мәлімет;

      оқу орнынан анықтама;

      кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық белгілеу туралы қаулының көшірмесі.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық
      мәслихат сессиясының төрағасы А. Джузанов
      Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Кулекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады