Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 1709 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 маусымда № 4258 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабын басшылыққа ала отырып, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тараз қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар таза кірістің бір бөлігін аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті бюджетке аударсын.

      3. Мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органдары ведомствоға қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жергілікті бюджетке таза кірісінің бір бөлігін аударудың белгіленген нормативін толық және уақытылы аударуына тұрақты бақылау жүргізсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ. Сарытайға жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Қ. Досаев

  Тараз қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№___ қаулысына қосымша

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + таза кірістің 3 000 000 теңге мөлшерінен асқан сомасынан 10 пайыз

Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + таза кірістің 50 000 000 теңге мөлшерінен асқан сомасынан 15 пайыз

Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + таза кірістің 250 000 000 теңге мөлшерінен асқан сомасынан 25 пайыз

Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + таза кірістің 500 000 000 теңге мөлшерінен асқан сомасынан 30 пайыз

Таза кіріс 1 000 000 001 теңгеден және жоғары

247 350 000 теңге + таза кірістің 1 000 000 000 теңге мөлшерінен асқан сомасынан 50 пайыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады