Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 24.04.2020 № 1428 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-3) тармақшасына және 62 бабының 6-1 тармағына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласында 2020 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабайға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қаласының әкімі | А. Карабалаев |
Тараз қаласының әкімі 2019 жылғы 27 желтоқсаны № 4523 |
Тараз қаласында 2020 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Атауы | Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы | |||
Білім алушылар дың саны | Бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | |||
1-4 сыныптар | 5-9 сыныптар | 10-11 сыныптар | ||
Жекеменшік мектептер | ||||
"АЗИЯ" жекеменшік арнайы комплекс-мектебі" мекемесі | 100 | 16558 | 21242 | 24646 |
"Абылай-Сана-2003" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Інжу" балабақша, мектеп-гимназия" кешені | 522 | 37766 | 42450 | 0 |
"R-плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "А-status" мектеп гимназия-балабақша" кешені | 215 | 16558 | 21242 | 0 |
"Cәби-Жан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 160 | 16558 | 0 | 0 |
"Балалар білім орталығы "Эрудит" балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 16558 | 0 | 0 |