"Тараз қаласында 2020 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 4523 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 1428 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 4584 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тараз қаласында 2020 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 4523 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4478 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 30 желтоқсанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К. Олжабайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қаласының әкімі А. Карабалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады