"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 421 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 217 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 сәуірде № 4207 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 421 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2751 болып тіркелген, 2015 жылдың 16 қыркүйегінде аудандық "Ауыл жаңалығы – Сельская новь" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р.Рахманбердиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады