"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жамбыл ауданыны әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 57 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшасында жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар (бөбекжай, балабақша) 1 бағанада 280 деген сандар 330 деген сандарға өзгертілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Наймановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданының әкімі | Б. Казанбасов |