РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 69, 119 баптарының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңындағы 31, 37 баптарына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін 53,0017 гектар жер учаскесіне жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Саниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің орынбасары | Е. Орумбаев |
Қордай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__" _______ № ___ қаулысына қосымша |
Талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеуге берілген жерлердің көлемі
№ | Ауылдық округтің атауы | Жалпы жер көлемі (гектар) | Оның ішінде | ||||||
Жалпы егістік көлемі (гектар) | Оның ішінде | Шабындық (гектар) | Жайылым (гектар) | Басқа жерлер (гектар) | Құрылыс асты (гектар) | ||||
Суармалы егістік (гектар) | Тәлімді егістік (гектар) | ||||||||
1 | Ауқатты | 11,7106 | 3,1516 | 0,3008 | 2,8508 | 1,4083 | 7,1507 | ||
2 | Бетқайнар | 0,004 | 0,004 | ||||||
3 | Жамбыл | 3,0081 | 0,4012 | 0,2328 | 0,1684 | 2,6069 | |||
4 | Кенен | 5,6907 | 4,3724 | 1,3183 | |||||
5 | Қақпатас | 2,6304 | 1,6292 | 1,0012 | |||||
6 | Қаракемер | 0,6784 | 0,6784 | ||||||
7 | Қарасу | 10,2283 | 0,124 | 0,124 | 9,9551 | 0,0088 | 0,1404 | ||
8 | Қасық | 0,02 | 0,02 | ||||||
9 | Қордай | 4,1032 | 1,6 | 1,6 | 2,5032 | ||||
10 | Масанчи | 1,2938 | 1,2938 | 0,1412 | 1,1526 | ||||
11 | Ноғайбай | 5,4288 | 3,3632 | 3,3632 | 2,0656 | ||||
12 | Сортөбе | 3,029 | 3,029 | ||||||
13 | Степной | 1,3831 | 1,3831 | ||||||
14 | Сұлутөр | 0,7188 | 0,1452 | 0,1452 | 0,5736 | ||||
15 | Үлкен Сұлутөр | 3,0745 | 0,0544 | 0,0544 | 2,2932 | 0,7269 | |||
Барлығы | 53,0017 | 10,1334 | 0,6748 | 9,4586 | 22,1614 | 20,5665 | 0,1404 |