"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-3) тармақшасына және 62 бабының 6-1 тармағына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қордай ауданында 2019 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің білімі бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Қордай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б. Жамангозовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі | Б. Байтоле |
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі 2019 жылғы 24 желтоқсаны № 535 |
Қордай ауданында 2019 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Атауы | Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы | |
Білім алушылардың саны | Бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | |
1-4 сыныптар | ||
Жекеменшік мектеп | ||
"ERNUR 550" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 19942 |