"Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 қарашадағы № 21-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 42-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 ақпанда № 4100 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 қарашадағы № 21-5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2058 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 желтоқсанда аудандық "Меркі тынысы – Меркенский вестник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік – экономикалық, қаржы, бюджет пен салық және жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Н. Дүйсебаева
      Аудандық мәслихат хатшысы І. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады