Меркі ауылдық округі Меркі ауылындағы Зеленый, Узкий көшелерінің атын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 02 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 қаңтарда № 4091 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 4 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және Меркі ауылдық округі, Меркі ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Меркі ауылдық округі, Меркі ауылындағы Зеленый көшесі Бірлік көшесіне, Узкий көшесі Медеу көшесіне өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Меркі ауылдық округі әкімінің орынбасары Джасулан Джумаханович Джантелиевке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Меркі ауылдық округі әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы Д. Джантелиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады