Тәтті ауылдық округінің Тәтті ауылындағы Совет көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Тәтті ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 1-9 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 сәуірде № 4194 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 4 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және Тәтті ауылдық округі, Тәтті ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тәтті ауылдық округінің, Тәтті ауылындағы Совет көшесі – Бәйтерек болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тәтті ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс жүргізушісі Е. Калымбетовке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тәтті ауылдық округінің әкімі Т. Альметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады