Мойынқұм ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 4 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 4460 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына және 37 бабына сәйкес Мойынқұм ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қосымшаға сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен Мойынқұм ауданы аумағында сайлау учаскелері құрылып және сайлау учаскелерінің мекен-жайы бекітілсін.

      2. "Мойынқұм ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Мойынқұм ауданы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсанындағы № 3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4036 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылдың 8 қаңтарында жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппарат басшысы Наметкулов Амангелды Наметкуловичке жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мусаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл облыстық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ______________С.Айдапкелов

      "__" 2019 жыл

  Мойынқұм ауданы әкімінің
2019 жылғы ** желтоқсандағы
№** шешіміне қосымша

Мойынқұм ауданы аумағындағы сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің 10.09.2020 № 10 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Сайлау учаскесінің нөмірі және орналасқан мекен жайы

Шекаралары

1

№ 306
Кеңес ауылы, Биназар көшесі №48, № 2 орта мектебі

Кеңес ауылы

2

№ 307
Биназар ауылы,
Айтишев көшесі №5,
О.Жандосов орта мектебі

Биназар ауылы

3

№ 308
Бірлік ауылы,
Амангелді көшесі №10,
Қ.Рысқұлбеков орта мектебі

Бірлік ауылының Ә.Досымбаев, Ә.Тәшеков, Б.Әбдіқадыров, И.Ақылбаев, К.Сыздыққызы, Баданова, О.Исабеков, Ж.Қуанышбаев, Т. Түйтебай көшелері

4

№482
Бірлік ауылы,
О.Исабеков көшесі № 17,
Желтоқсан клубы

Бірлік ауылының Абай, Биназар, М.Әуезов, М.Мәметова, Жайлаубек, Жамбыл, С.Шәкіров, Терсебай, Амангелді, Тоқсабаев, Қ.Рысқұлбеков, Ғ.Асылбеков, Т.Іңкәрбеков көшелері

5

№309
А.Назарбеков ауылы,
Биназар көшесі №2,
Ә.Молдағұлова орта мектебі

А.Назарбеков ауылы

6

№310
Көкжелек ауылы,
Сырғабаев көшесі №1,
Б.Момышұлы орта мектебі

Көкжелек ауылы

7

№311
Күшаман ауылы,
Тоқбаев көшесі №15,
Амангелді орта мектебі

Күшаман ауылы

8

№ 312
Жамбыл ауылы,
Сарымсақ көшесі №1,
Абай орта мектебі

Жамбыл ауылы

9

№313
Мойынқұм ауылы,
Б.Омаров көшесі №10,
А.Жұмабаев орта мектебі

Мойынқұм ауылының Ж.Жамбыл, А.Назарбеков, Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, Ш.Қалдаяқов, М.Пахаленко, А.Жапаров, Т.Аубакіров, Ә.Молдағұлова, Балуан шолақ көшелері және Абылайхан көшесінің № 40 тан 160/2 дейін жұп сандары, 45 тен 183/2 дейін тақ сандары, 2 бұрылыс үйлері

10

№314
Мойынқұм ауылы,
Қ.Рысқұлбеков көшесі
№35,
Жамбыл мектеп-гимназиясы

Мойынқұм ауылының А.Көшенов, Ж.Аймауытов, Ә.Тәшкентбаев, І.Жәнсүгіров, М.Мақатаев, С.Мұқанов, Ә.Досымбаев, С.Құлбаев, А.Оспанов, М.Әуезов, М.Қажымұқан, Желтоқсан, С.Сейфуллин, Қ.Қабышев, С.Нарымбетов, Д.Құрманәлі, М.Өтемісов, А.Молдабеков, Қ.Рысқұлбеков, Лесхозная көшелері

11

№ 315
Мойынқұм ауылы,
К.Нарымбетов көшесі №1,
Т.Рысқұлов тірек мектебі

Мойынқұм ауылының, К.Нарымбетов, Ш.Тайбағаров, Абай, Ж.Қуанышбаев, Б.Момышұлы, Қ.Нұрбеков, Ғ.Мұратбаев, М.Мәметова көшелері, Абылан елді мекені және Абылайхан көшесінің № 1 ден 43 дейін тақ сандары, 2 ден 38 дейін жұп сандары, бірінші бұрылыс үйлері, Амангелді көшесінің № 1 ден 125 дейін тақ сандары, 2 ден 70 дейін жұп сандары үйлері

12

№483
Мойынқұм ауылы,
Б.Омаров көшесі №13,
Аудандық Мәдениет үйі

Мойынқұм ауылының Б.Омаров, Ағыбай батыр, Масютенко, Т.Нарбаев, С.Кулекеева, Ш.Уәлиханов, Ә.Асылбеков, А.Байтұрсынов, көшелері, Комсомол елді мекені және Амангелді көшесінің № 135 тен 189 дейін тақ сандары, 68б дан 118а дейін жұп сандары үйлері

13

№316
Қылышбай ауылы, Ә.Төлепбергенов көшесі №9,
Ә.Төлепбергенов орта мектебі

Қылышбай ауылы

14

№ 317
Құмөзек ауылы,
Жамбыл көшесі №21,
Ы.Алтынсарин орта мектебі

Құмөзек ауылы

15

№ 318
Қарабөгет ауылы,
Б.Тайжанов көшесі №1,
А.Байтұрсынов орта мектебі

Қарабөгет ауылы

16

№319
Сарыөзек ауылы,
Ж.Қуанышбаев көшесі №54,
Қ.Сәтбаев орта мектебі

Сарыөзек ауылы

17

№ 320
Ұланбел ауылы,
Қазақстан көшесі №3,
М.Әуезов орта мектебі

Ұланбел ауылы

18

№ 321
Хантау ауылы
Биназар көшесі №3,
С.Сейфуллин орта мектебі

Хантау ауылы

19

№ 322
Қияқты стансасы,
Аблайхан көшесі №2,
Ағыбай батыр орта мектебі

Қияқты стансасы

20

№ 323
Шығанақ ауылы,
Абай көшесі №16,
Шығанақ орта мектебі

Шығанақ ауылының Қ.Сәтбаев, Қ.Сәтбаевтың І, ІІ-тұйығы, Айдаралиев, Ж.Қуанышбаев, Амангелді, Жеңіс, Сейфуллин, Ағыбай батыр, Қ.Рысқұлбеков, Балқаш, Абай, СМП 628 көшелері, Үшбалық, Қарасай елді мекендері

21

№ 484
Шығанақ ауылы,
С.Сейфуллин көшесі №1 б,
Шығанақ ауылдық кітапханасы

Шығанақ ауылының Ы.Алтынсарин, Наурыз көшелері, Бұрылбайтайл стансасы, Байтал ауылы

22

№324
Мыңарал ауылы,
Садықов көшесі №49,
К.Қасымов орта мектебі

Мыңарал ауылы

23

№ 488
Мыңарал стансасы,
К.Жахметов көшесі № 5
Мынарал орта мектебі

Мыңарал стансасы, Қашқантеңіз стансасы

24

№ 325
Ақбақай ауылы,
Д.Қонаев көшесі №25,
Ақбақай орта мектебі

Ақбақай ауылы

25

№ 326
Мирный ауылы,
Аблайхан көшесі №6,
В.Терешкова орта мектебі

Мирный ауылы

26

№ 327
Ақсүйек ауылы,
Балхаш көшесі № 19
№ 1 орта мектебі

Ақсүйек ауылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады