Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 150 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 сәуірде № 4205 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 09.01.2020 № 02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екі пайыз мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына қосымшаға сәйкес квота белгiленсін.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 91 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3722 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2018 жылғы 1 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы Оразханға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Садырқұлов

  Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "19" сәуірдегі
№ 150 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталары

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1.

"Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

69

2%

1

2.

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Айтқұл Шынасилов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

61

2%

1

3.

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

68

2%

1

4.

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 4 шағын орталықты орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

53

2%

1

5.

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

58

2%

1

6.

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің "Таза Су-2014" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

61

2%

1

7.

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің "Құлан-Энерго Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

63

2%

1


Барлығы:

433


7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады